Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балалар киіз үйде тұрып жатыр: Баянауылда құрылымы ерекше лагерь ашылды

Балалар киіз үйде тұрып жатыр: Баянауылда құрылымы ерекше лагерь  ашылды
ашық дереккөз
Қазіргі уақытта Павлодар облысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында әртүрлі үлгідегі 700-дей лагерь жұмыс істеп тұр
Павлодар облысында әр түрлі үлгідегі балалар лагерьлері ашылды. Оның ішінде  демалушыларға арналған тілдік, туристік-өлкетану, этно-мәдени, интеллектуалды, спорттық шаралар бар. Бұл бастамаға 285,2 миллион теңге қарастырылған. Бұл лагерьлер  ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген. Демалушылар табиғатпен біте қайнасқан халқымыздың  ежелгі тұрмыс тірлішілігіне  қайта оралады. Ер балалар арасында қамшы өруге қызығушылық  жоғары. Мұның тәрбиелік мәні де зор екен. Халқымыздың салты бойынша ұлы он үшке толғанда әкесі топты жарсын - деп тобылғы  қамшы ұстатқан екен. Мұнда балалар  ағаштан  тұрмыстық бұйымдар да жасайтын болады. Астау, этноауыл көрінісі, табиғи скерткіштер  балалардың  қолынан шыққан. Қыз балалар қазақтың ұлттық  тағамдарын    дайындап  үйренеді. "Маған бәрі өте ұнайды.Біз бұл жерде қазақтың ұлттық тағамдарын пісіреміз, күндіз-түні бір-бірімізбен біргеміз  және де алтыбақанда тербелеміз. Бұл жердей телефон, вай-фай деген нәрселер жоқ, яғни көп сөйлесеміз, тауға шығып саяхаттаймыз",-   дейді  демалушылардың бірі. Бұл жерде ұздік оқушылармен  қатар әлеуметтік аз қамтылған және  көп балалы отбасылардың балалары да демалады. Білім басқармасы келешекте ол  республикалық, тіпті халықаралық дәрежеде ұйымдастырылады деген міндет қойып отыр.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар