Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биді өлтіреді екенсіз: Отандық әнші жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Биді өлтіреді екенсіз: Отандық әнші жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
ашық дереккөз
Соңғы уақытта көңілді биімен желіні шулатып жүрген Ғаділбек Жанай кезекті туындысымен халықты тамсандырды
Ғаділбек мамандығын өзгертті ме, әйтеуір соңғы уақытта әнін емес, биін көбірек салатын болған. «Көк шапан естеріңізде ме? Өз көңіл күйімізді, өзіміз көтермесек ешкім көтермейді», деп жарияланған кезекті  жазбасы оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары біресе қоян болып киініп, біресе көп шапанмен би билеп жүрген әншіні танымай, таңғалғанын жасырмады. Көпшілігі оның  өзгеріп кеткенін айтты. "Соңғы күндері бимен айналысып кеттіңіз бе, бірақ өзіңізге осылай жүрген жарасады", "Бәрі жарасымды, шынайы қылықтар.", Әрдайым көтеріңікі көңіл-күй сыйлайсыз", Биіңіз де, әндеріңіз де тамаша", "Биді өлтіреді екенсіз, соған қарағанда аша алмай жатқан қырларыңыз көп-ау деймін. Ғашық болып қалғансыз ба? Соңғы кездері қатты өзгеріп кеттіңіз",- дейді таңғалған оқырмандар.   https://www.instagram.com/p/BmDPbvIhT-7/?utm_source=ig_web_copy_link  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар