Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тағы да айна ұрлығы: Алматыда қоғам белсендісі ұрылардың құрбаны болды

Тағы да айна ұрлығы: Алматыда қоғам белсендісі  ұрылардың құрбаны болды
ашық дереккөз
Денис Теннің өлімінен кейін полицей қызметкерлері рейдтік шараларын жүргізсе де айна ұрлығы азаяр емес. Алматыда тағы бір жағдай тіркеліп отыр.

Қылмыс таңғы бесте оңтүстік шаһардағы элиталық ауданның бірінде болған. Айнасын ұрлап жатқанын байқағанымен, көлік иесі ұрының үстінен түсуге батпадым деп отыр.

"Алдында Денис Тенді пышақ тығып кетті ғой. Егер ұрлықшыны көріп жүгіріп барсам, мені де пышақтап жіберсе, ол қалай болады? Сондықтан мен шыққан жоқпын", - дейді "Байтақ болашақ" экоальянсының төрағасы Азаматхан Әміртай.

Азаматханның айтуынша, ұрыларға бар болғаны 10 минут уақыт жеткен.  Қылмыстың барлығы таяу маңдағы бейкамераларға түсіп қалған.

Азаматхан Әміртайда мұндай жағдай алғаш емес. Екі ай бұрын дәл осы Медеу ауданында қос айнасы қолды болып, қара базардан сатып алып қайта орнатқан екен. Ал қос айнаның ресми бағасы 1 миллион теңгеге жуық. Көлік бөлшектерін саудалайтын базарларды бірнеше рет тексерген Алматы полициясы айна ұрлығына тосқауыл қою қиын дейді. Себебі қалаға келіп-кетіп жатқан азаматтарға бақылау жоқ.

"Алматы қаласында бір емес бірнеше рет сондай жағдайға душар болған азаматтар көп. Енді қала үлкен, көлемді. Қаланың бүкіл шекарасы ашық келем дегедерге. Тек біздің көршілес өңірлердің тумалары ғана емес, көрші елдердің азаматтары да келіп жатады", - дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал ұрлықтың азаймауы қылмыстың осы түріне жазаның жеңіл болуы дейді Салтанат Әзірбек. 2015 жылдан бері ұрылар ұсталса да, тергеу кезінде немесе сот барысында зардап шегушімен келісімге келіп талайы тайраңдап жүрген көрінеді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар