Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Jah Khalib өзінің Астанада өткен жеке концертінде ғашықтарды үйлендірді

Jah Khalib өзінің Астанада өткен жеке концертінде ғашықтарды үйлендірді
ашық дереккөз
Танымал қазақстандық рэпер Jah Khalib жастарға ән арнап, ерекше ұсыныс жасауға көмектескен.
Бұл жайлы Tengrinews.kz жазады. Концерттің ортасында рэпер Ақторғын Алтынбекованы саxнаға шақырып, маxаббат үшін не істей алатынын сұрады. Қыз қатты ұяла бастады, сол сәтте оның ғашығы Абай Құсаинов үлкен құшақ раушан гүлдерімен саxнаға шығып, өмірлік жар болуға ұсыныс білдірді.  Рэпер оларды саxнаның ортасына шығарып ғашықтық биге ән орындады. "Шынымды айтсам, тек қазір ғана өз-өзіме келдім. Саxнада түк түсіне алмадым, шықтым да жылап жібердім. Мен бақыттымын", - деді Ақторғын. Жас жігіт бұл ұсынысты төрт ай бойы дайындағанын айтты.  "Мен бәрін баяғыда жоспарлағанмын, оны жасырып жүру қиынға түсті. Ең бастысы - мен ұсыныс жасадым, мен бақыттымын", деді, Абай Құсаинов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар