Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық әншінің комаға түскен анасы туралы жазбасы елді жылатты (фото)

Отандық әншінің комаға түскен анасы туралы жазбасы елді жылатты (фото)
ашық дереккөз
"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірәйімов ауырып жатқан анасына жантебірентерлік жазба арнады
Әнші  Бағлан Әбдірәйімов комаға түскен  анасына арнаған  жантебірентерлік жазбасында  өз оқырмандарынан тілекші болуын сұрады.
"Бір апта бұрын анамның қан қысымы көтеріліп, есін жоғалтып жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілген! Есіте сала ауылға ұшқам. Анаммен жүздесіп, көңілім орнына түскен. Екі күн бұрын ауруханада тағы сол жағдай қайталанып, жансақтау бөліміне түсті.

Есін жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз! Алматы, Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салуда.

Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр! Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы. Сіздерден несін жасырайын... Неше түрлі ойға шомылып қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады! Тілекші болыңыздаршы!", - деп жазды ол. https://www.instagram.com/p/BmGkwNUl7JS/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар