Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы бүгін шығады

Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы  бүгін  шығады
ашық дереккөз
2018 жылғы грант иегерлері тізімі 6 тамыз күні сағат онда белгілі болады

Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады.

"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", — деп айтты олар.

Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:

  • https://egemen.kz
  • https://kazpravda.kz
  • www.testcenter.kz
  • @testcenterBot телеграм бот

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды нұсқада жарияланады.

Биыл бакалаврға- 53 594 грант, магистратураға- 12 504 грант болса, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді.

Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар