Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай ауылында зорланған 7 жасар бала ісіне қатысты күдіктілер босатылды

Абай ауылында зорланған 7 жасар бала ісіне қатысты күдіктілер босатылды
ашық дереккөз
Түркістан облысында кәмелетке толмаған баланы зорлауға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды
Бас прокуратураның тергеу тобы Түркістан облысы Абай ауылында кішкентай балаға жыныстық сипатта зорлық-зомбылық жасау қылмыстық ісі бойынша тергеу әрекеттері өндірісін аяқтады, деп хабарлайды Kyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шындыққа көз жеткізу үшін іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары жүргізілді: медициналық, психологиялық-психиатриялық, биологиялық, молекулярлы-геномдық және тағы басқа. Жәбірленуші тараптың қолдаухаты бойынша зерттеуге Ресей, Қырғызстан және Грузиядан жеке және мемлекеттік сарапшылар жіберілді. Сондай-ақ маман ретінде тар шеңберлі мамандықтағы балалар дәрігерлері тартылды. Іс бойынша барлығы 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 түрлі зерттеу жүргізілді. ҚР Қылмыстық Кодексі 15-бабы 2-тармағына сәйкес, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 14 жастан бастап жауапқа тартылады. Төрт күдіктінің ішінде қылмыс жасалған сәтте тек біреуі ғана осындай жаста болған. Оның әрекеті ҚР ҚК 121-бабы 4-тармағы (көрінеу жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сараланды. Қалғандарына қатысты 14 жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қылмыс қатысушылары кәмелетке толмаған балалар екенін ескере отырып, олар туралы мәліметтер мен істің басқа да мән-жайы жария етілмейді. Қылмыстық-процессуалды кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпиялылық құқығы қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңінде сақталуы тиіс. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып таратқаны үшін ҚР ҚК 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар