Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сайрагүл Сауытбай үкіметтен көмек сұрады

Сайрагүл Сауытбай үкіметтен көмек сұрады
ашық дереккөз
Қандасымыз үкіметтен өзінің және отбасының бас амандығын қорғауды өтінеді
Шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталып, сот залынан босап шыққан қандасымыз Сайрагүл Сауытбай Қазақстан үкіметінен көмек сұрады Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы фейсбуктегі парақшасында Сайрагүл Сауытбаймен тікелей эфирде сұқбат ұйымдастырған еді. Әңгіме барысында қандасымыз ел үкіметінен көмек сұрады. "Күйеуім мен екі баламның бас амандығы қатты мазалайды" "Менде қазір қолымда тек "пана іздеуші тұлға" деген куәлік бар. Оған рақмет. Енді үкім күшіне енгеннен кейін, құзырлы органдардағы ағаларымыз босқын куәлігін, одан әрі азаматтық алуға көмектессе деген тілегім бар", — деді Сайрагүл Сауытбай.
Осы орайда ол қазір өзін мазалап жүрген мәселеге тоқталды. "Қазір менің бас амандығымның өзі үлкен мәселе болып тұр. Тек менің ғана емес, жұбайым мен екі кішкентай баламның бас амандығы да мені қатты мазалайды", — деді қандасымыз. Сұқбат барысында белгілі болғандай, адвокат Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың бас амандығын қорғау туралы құзырлы органдарға өтініш жолдаған. Сайрагүл Сауытбайға азаматтық беріле ме? Бірінші кезекте, босқын мәртебесін алу керек. Бұл мәселе кемінде үш ай қаралады. Келесі қадам —  Қазақстан азаматтығын алу. "Сайрагүл Сауытбайға көші-қон полициясы берген куәлік Қазақстанның азаматтығын алуды тездетуге көмектеседі. Азаматтық алуға байланысты барлық құжат тиісті органдарға тапсырылды, өтініштер жазылды. Ендігі кезекте бұл мәселе ҚР президенті жанындағы мемлекеттік комиссия тарапынан шешіледі", — дейді адвокат Абзал Құспан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар