Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бесінші "Алтын адам": ШҚО-да археологтар тағы бір құнды жәдігер тауып отыр (фото)

Бесінші "Алтын адам": ШҚО-да археологтар тағы бір құнды жәдігер тауып отыр (фото)
ашық дереккөз
Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде өңірде тағы бір "Алтын адам" табылды
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан жерінен бесінші "Алтын адам" табылып отыр. "Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамнан" да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған "Алтын адам" табылды", – дейді археолог.  width= Қазба жұмыстарына жетекшілік етіп, құнды жәдігерді тапқан академик Зейнолла Самашевтың айтунша, "Алтын адамың" еш жері бүлінбей, барлық алтындары сол күйінде сақталған көрінеді.  width= Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. "Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек" – дейді ғалым.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар