Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалған құжатпен ұсталған елордалық студенттерге сот шешімі шықты

Жалған құжатпен ұсталған елордалық студенттерге сот шешімі шықты
ашық дереккөз
Астана медициналық университетіне түсер кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін жүзден аса студент оқудан шығарылды
100-ден аса студент, ЖОО-ға  түсер  кезде,  жалған құжаттарды падаланғаны үшін, оқудан шығарылған болатын. Бірнеше студент, рұқсат алып оқуын қайта жалғастырғысы келгенімен, студенттердің шағымы қабылданбады. Адвокат Ерғали Мелдебековтің пайымдауынша, қарапайым тексеру тәсілі сертификаттардың жалған екенін дәлелдей алмайды. Оның сөзіне сүйенсек, Британ консулдығына сұрату жолдаған абзал.

Естеріңізге сала кетейік,  ағылшын тілі бойынша IELTS сынағының сертификаттарына қатысты шу былтыр күз айында шыққан болатын. Медициналық университеттің 100-ден астам студенті жалған сертификатпен оқуға түскен болып шықты. Сөйтіп, білім беру мекемесінен 117 адам оқудан шығарылған.

Сондай-ақ олар оқудан шығарылып қана қоймай, білім алуына кеткен қаражат пен осы уақыт бойы төленген шәкіртақы мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар