Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ-та қазақстандық үш қыз алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

АҚШ-та қазақстандық үш қыз алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
ашық дереккөз
Еліміздің сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қолға түскен нәзік жандар Тараз қаласының тумалары.
Раритет көліктерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың құрамында болған отандастарымыз 20 – дан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы евразия бірінші арнасы жазды. Әлемде саны сирек, көп кездесе бермейтін көліктерді қолды қылып, оларды оңай олжаға айналдырғандардың жалпы саны 25 адам. 4,5 миллион доллар шығын келтіріп, шырғалаңға батқандардың арасында Ресейдің жеті, Грузияның бес, Әзірбайжанның төрт және Қазақстанның үш азаматы, сондай – ақ Латвия мен Украина елінің екі тумасы бар. Тараздың тумасы екені анықталған үш нәзік жанның бірі 47 жаста болса, қалғаны екеуі 23 және 27 жаста. "Олар қымбат автокөлік сатамыз деп жарнама беріп, алдын-ала ақшасын алып, байланыстарын өшіріп тастайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Осы бір аптаның ішінде бірінші сот болады, сол кезде белгілі болады", -дейді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі  Айбек Смадияров Құрама Штаттарда қолға түскен Тараздық "трионың" кім екені анықталды. Нью-Йорктің «Бруклин» ауданында ұсталғандардың ныспысы Елена Құдайбергенова, Диора Аширова және Азиза Жалолова. Қазір екі күдікті қамауға алынып, 47 жастағы Елена денсаулығына байланысты қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар