Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздің жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Еліміздің жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды
ашық дереккөз
ҚР Қарулы күштерін бұдан былай 55 жастағы Нұрлан Ермекбаев басқарады
Нұрлан Ермекбаев бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған. Ол тәуелсіздік тарихындағы 11-ші Қорғаныс министрі болып отыр. Бұл лауазымға дейін президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ретінде  Ермекбаев  күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жұмысын  үйлестіруге жауапты болған. Сондықтан бұл қызмет түрі оған таңсық болмауы тиіс. Қызығы, Нұрлан Ермекбаев  Даниал Ахметов, Әділбек Жақсыбеков, Серік Ахметов, Иманғали Тасмағамбетовтен кейін  министрлікті басқаруға келген 5-ші  азаматтық басшы. Ал екі жылдай Қорғаныс саласына жауапты болған Сәкен Жасұзақов ұзақ уақыт жұмыссыз қалған жоқ. Бүгіннен бастап генерал-полковник Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды. " Әлемде заман талаптарына сай,азаматтық тұлғаны қорғаныс саласына басшылыққа қою қалыпты дүние. Сондықтан мен қарым-қабілеті мен іскерлігіне сене отырып, Ермекбаевты осы лауазымға тағайындадым. Сонымен қатар Жасұзақовқа да зор алғысымды білдіремін. Ол өте мықты кадр. Біз бұны бағалап университетке басшылыққа тағайындап отырмын",- дейді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар