Басты жаңалықтар
Құздан құлап мерт болды: Жамбыл облысында отпен арпалысып жүрген орманшы көз жұмды
- автор kyn.kz
- 8 тамыз, 2018
- 543
46 жастағы орманшы дала өртімен арпалысып жүрем деп, құздан құлап бақилық болды
Орманшы Асылбек Алтаев небәрі 46 жаста еді. Марқұмның артында 5 қаласы қалып отыр.
Қайтыс болған азаматтың жерлеу рәсіміне өзі қызмет еткен мекеме басшылығы көмектесеміз дейді.
"Тау бөктерінде өрт шыққан, Қырғызстанмен шекаралас жерде сол өртті өшіріп жартастан аяғы тайып құлап, қайтыс болып кетті. Ол өрт өшіріп жатты. Жұмыс бабында жүріп сондай жағдай болды", - дейді Ақыртөбе орманды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Жандар Мұздыбаев. Айта кетейік, бір аптадан бері қазақ-қырғыз шекарадағы таулы аймақта өрт болып жатыр. Тілсіз жау сәт сайын күш алып, бой беретін емес. Соңғы 3 күнде қызыл жалын тіпті өрши түскен. Оны сөндіруге 100-ден аса адам жұмылдырылды.
Әрі таулы аймаққа көлікпен жету мүмкін болмай жатыр. Сондықтан өрт сөндірушілер мен орманшылар жаяу және жалаң қолмен жалынды ауыздықтауға күш салуда.
Келесі мақала