Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда 4 жасар бүлдіршін терезеден құлап мерт болды

Павлодарда 4 жасар бүлдіршін терезеден құлап мерт болды
ашық дереккөз
Балақайдың ата-анасы үйде болғанына қарамастан, ол көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап, көз жұмды
Оқиға Павлодар қаласындағы  Толстой көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын  үйдің бірінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға орын алған кезде ата-анасы үйде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болса оқиғаның мән-жайын былай түсіндіреді: "Терезеден 2014 жылы туған бала құлап түсті. Оқиға орнына жеткен № 2 жедел-құтқару станциясының мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді. Өздеріңіз түсінгендей, осындай биіктіктен құлап аман қалу екіталай", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып, құзырлы органдар баланың ата-анасына  тиісті шаралар қолданып жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар