Басты жаңалықтар
Үйіміз қақ ортасынан бөлінді: Қостанайлықтар енді салынып жатқан тұрғын үйдің жағдайын көріп шошып жүр (фото)
- автор kyn.kz
- 8 тамыз, 2018
- 289

Ал ортасынан қақ бөлініп тұрған тұрғын үйді жөндеу үшін мердігер компания 70 млн теңге қаражат керек деп отыр
Қостанайда жаңа тұрғызылған үйдің тұрғындары шу шығарып жатыр. Айтуларынша, «Юбилейный» шағына уданында орналасқан № 27 үй ортасынан қақ бөлінді. Ал құрылысшылар болса, мұның себебін жерасты суымен байланыстырады екен.
"Сөгілген қабырғаларға жарық белгілері орнатылды. Техникалық зерттеулер жүргізу үшін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамынан мамандар шақыртылды. Содан соң шешім шығады", – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Алмат Досымхан.Аталған тұрғын үйдің мердігері «Алматы құрылыс» ЖШС мамандарының айтуынша, тұрғын үйді қайта қалпына келтіру үшін 70 млн теңге көлемінде қаражат қажет.