Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Болды, қызметімнен кетемін" деп ойладыңыз ба?: Қасымов тілшілердің сұрағына ашық жауап берді

"Болды, қызметімнен кетемін" деп ойладыңыз ба?: Қасымов  тілшілердің сұрағына ашық жауап берді
ашық дереккөз
Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін журналистермен кездесуге шықпаған Құлмұханбет Қасымов алғаш рет сұхбат берді
Журналистер еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесу барысында  Денис Теннің өлімінен соң қандай күйде болғанын және ең бірінші не туралы ойлағанын сұрады. "Ең бірінші сізге қандай ой келді? "Болды, қызметімнен кетемін!" деп ойладыңыз ба әлде "Бұлай болмайды, бәрін жұмыстан шығарамын", - дедіңіз бе?, - деген сұраққа министр: -Ең біріншіден, мен тез арада қылмыскерлерді табу керек деп ойладым"- деді Құлмұханбет Қасымов.

Ал басшылық қызметте отырған полицейлерді орнынан алу керек деген қоғамның талабына министр еш себеп жоқ. Себебі олар өздерінің міндеттерін толық атқарып отыр,- деді. .

Бұдан бөлек, журналист оқиға болған күні Алматы қалалық ІІД басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев пен оның бірінші орынбасары, полковник Нұрлан Мәсімов демалыста болғанын алға тартты. Тілші министрге еліміздегі ең ірі қаланың ІІД сол уақытта басшысыз қалғанын еске салды.

Алайда Қасымов мұндай мәлімдемемен келіспейтінін жеткізді.

Оның сөзінше, ІІД басшысының екінші орынбасары Ізбасар Бектұров оның міндетін атқарып, бірінші болып оқиға орнына жеткен. Сонымен бірге, Нұрлан Мәсімовтің демалыста емес, жұмыс орнында болғанын, Серік Күдебаев болса, демалыста екі-ақ күн болып үлгергенін жеткізді.

Айтуынша, Күдебаев демалысына қарамастан, Алматы келіп, қылмыскерлерді ұстау операциясына арнайы қатысқан.

Министр бұл уақытта жұмыс бабымен Ақтауда болғанын айтты. Дегенмен ол барлық жағдайды біліп, бүкіл жаңалықты бірінші болып естіп отырғанын жеткізді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар