Басты жаңалықтар
Жүкті әйел көз жұмды: Ақмола облысында дәрігердің салғырттығынан аяғы ауыр келіншек бақилық болды
- автор kyn.kz
- 8 тамыз, 2018
- 304
Көкшетауда 25 жастағы жүкті әйел қайтыс болды.
Оқиға 6 тамыз күні Краснояр кентінде болған. Келіншек перинаталды орталыққа барып, сол жерде ақ халаттылардың қателігінен көз жұмды.
«Перинаталды орталықта Краснояр кентінің 1993 жылы туған тұрғынының көз жұму оқиғасына байланысты Қазақстан Респубикасы Қылмыстық Кодексінің 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ІІД баспасөз қызметіҚазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық тексеру жұмыстары жүргізілуде.