Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жүз жасаған американдық әжей ұзақ өмір сүрудің сыры – жалғыздықта екенін түсіндірді

Жүз жасаған американдық әжей ұзақ өмір сүрудің сыры – жалғыздықта екенін түсіндірді
ашық дереккөз
Жақында ғана 106-ға келген Нью-Йорк қаласының тұрғыны Жан Синьоре ұзақ өмір сүрудің құпиясын физикалық белсенділік, диета және жалғыздықпен байланыстырады.
Бұл жайлы New York Post баспасы жазады. Әйел 1912 жылы ұлты италияндық америкалық отбасыда дүниеге келген. 1977 жылға дейін жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемеде жұмыс істеп, кейін зейнетке шыққан. Жалғыз тұрады, бірақ жергілікті қартайған адамдарға арналған орталықта болып тұрады. «Мұндай жасқа дейін өмір сүрем деп ойламаппын. Орталыққа ең алғашында келіп жүргенде 100-ге келген апаны көріп: «Құдай-ау! Ол 100 жасады! Ал енді өзім 106-ға келдім», - деп, күлді әже. Синьоренің айтуы бойынша денінің саулығы физикалық белсенділіктің арқасы. Ол тоғыз жасынан жүзумен айналысқан, жас кезінде жаяу көп жүруге тырысқан, би билегенді, бочче ойнағанды жақсы көрген. Тіпті, әжей қартайған шағында жаттығулар жасауды ұмытпайды. Тағы бір себебі – дұрыс тамақтану. Ол аса бір үлкен махаббатпен отбасылық жиындарды еске алады. "Әр кешкі асқа салат, жеміс-жидек пен көкөніс болатын. Әрдайым шарап. Ал, құймақ пен газдалған сусындар жексенбіде ғана рұқсат етілетін". Оның жігіті Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған. Содан кейін Сеньоре тұрмыс құрмаған. Балалары да жоқ. «Мен тұрмыс құмағанмын, менің ойымша бұл да ұзақ өмір сүрудің тағы бір құпиясы, - дейді ол. Мамыр айында айтылған мәліметте, 106 жасар британдық Мэдлин Дай есімді әжей ұзақ өмір сүруін ерлермен сөйлесуден бас тартумен байланыстырған Оный ойынша сол арқылы ол отбасыда болатын жанжалдардан өзін сақтап қалған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар