Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлі-ақ бақытты боламын: Айсәуле Бақытбек көз жасына ерік беріп,қиналып жүргенін айтты

Әлі-ақ бақытты боламын: Айсәуле Бақытбек көз жасына ерік беріп,қиналып жүргенін айтты
ашық дереккөз
Айсәуле өз жігітімен бірнеше жылдар кездесіп, тұрмысқа шығуды жоспарлаған. Алайда бойжеткеннің соңғы жазбасы оқырмандарын алаңдатты.
Өз жазбасында Айсәуле небәрі 22 жаста екенін және керемет дүниелердің бәрі әлі алда екенін айтқан. «Бүгін оянып, бір нәрсені түсіндім… Мен ненбәрі 22 жастамын. Мен әдемі, ақылды, көңілдімін әрі керемет дүниенің барлығы әлі алды. Айса, қиналып, көз жасыңды төгуді доғар. Ешкім сенің көз жасыңа тұрмайды. Бәрі тамаша болады. Күте тұр. Тек өзің адалдығыңды сақтап қал. Әлдекімге жағу үшін өз ұстанымдарыңды сатпа. Сен бәрінен артықсың. Жақындарың мұны міндетті түрде бағалайды», – деп жазды Баян Алагөзованың тұңғышы. Алайда желі қолданушылары Айсәуленің екіұшты жазбасын түсінбей қалды. Олардың дені бойжеткен күйеу жігітімен «айырылысып кетті» деп топшылады. «Сіз не туралы айтып отырсыз», «Сіздер айырылысып кеткен күннің өзінде, оның сізге тең емес екенін біліңіз. Ренжімеңіз. Сіз одан да жақсы адамға лайықсыз», «Не болып қалды?», «Күйеу жігітіңізбен айырылысып кеттіңіздер ме?», «Уайымдамаңыз, барлық қиындық өтіп кетеді», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар