Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ-та әжей атақты музыкантты "қаңғыбас" деп ойлап ақша ұсынған

АҚШ-та әжей атақты музыкантты "қаңғыбас" деп ойлап ақша ұсынған
ашық дереккөз
Әйел танымал әнші Кит Урбанды үйсіз қаңқыбас деп ойлап қалып, оның тамағының ақшасын төлеп бермекші болды.
Бұл туралы Associated Press жазады. Рут Рид есімді америкалық әйел АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Камден қаласында көмекке «мұқтаж» адамды көргенін айтты. Ол кезекте тұрған ер адамның түскі ас алуға ақшасының жетпей қалғанын көрді. Оның жағдайын көрген әйел алдында тұрған ер адамға көмекке келіп, түскі астың ақшасын төлеп бермекші болды. Сонда ер адам өзіне көмекке келген әйелге алғысын білдіріп, есімінің Кит екенін айтқан. Америкалық әйел ер адамға қарап, оны танымал музыкант Кит Урбанға қатты ұқсатқан. Бірақ, әйел көмекке мұқтаж болған адамды әншіге қанша ұқсатса да, оны Кит Урбан деп мүлде ойламады. Дегенмен, Рид қаңғыбас деп ойлап қалған ер адам шынымен де ол ұқсатқан танымал музыкант болып шықты. «Оның Кит Урбан екеніне көзім жеткенде, өзімнің ақымақ адам секілді көрінгенімді түсіндім»,-деді Рид. Дегенмен, ол соған қарамастан әншінің күзетшісіне барып, оның танымал әнші Кит Урбан екеніне көз жеткізген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар