Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда 88 шетелдік телеарналарда хабар тарату тоқтатылады

Қазақстанда 88 шетелдік телеарналарда хабар тарату тоқтатылады
ашық дереккөз
Бұған олардың біздегі заң нормаларына бағынбауы себеп болған.
КТК арнасының ақпаратына сәйкес 2017 жылы "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңға енгізілген өзгерістер бойынша, Қазақстан аумағында ретрансляция жасайтын шетелдік ақпарат құралдары заңды тұлға ретінде филиалдарын тіркеуге міндетті.  Талапты орындамағандарына Ақпарат министрлігі олардың тіркеуге алу туралы куәліктерін кері қайтарып беріпті. Бұғатталатын телеарналар тізімі бүгін ведомствоның ресми сайтында жарияланды. Олардың арасында,  MUSICBOX, ТНТ-Comedy, Дождь, Боец, France 24, Russia Today TV сияқты көбінесе музыкалық, аспаздық, танымдық және тек кино көрсететін арналар бар. Заң биыл қаңтарда күшіне енген. Оған сәйкес, өзге мемлекеттік арналар ел аумағында өзінің заңды өкілдігін зтіркеуге міндеттелді. Бұл үшін оларға жарты жыл уақыт та берілген. Сөйтіп, 219 арна тиісті талапты орындады. Ал 88-і ескертуді мүлдем елемеген. Енді осы ақпарат құралдары елімізден кеңсесін ашып , тіркеуден өтпейінше, Қазақстанда ретрансляция жасай алмайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар