Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Моңғолиялық көліктерді жүргізбей қойған шенеуніктер жазалануы мүмкін

Моңғолиялық көліктерді жүргізбей қойған шенеуніктер жазалануы мүмкін
ашық дереккөз
Елімізге Моңғолиядан заңсыз әкелінген көліктерді тәркілеген шенеуніктердің өздері шатылуы мүмкін.
Елімізге Моңғолиядан заңсыз әкелінген көліктерді тәркілеген шенеуніктердің өздері шатылуы мүмкін. Бас көлік прокуратурасының тексерісінен кейін,  Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері  мен кеденшілерге  қатысты сот алды тергеуі басталды. Даулы іспен  Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро айналысып жатыр. "Бұл көліктер Қазақстанға қалай кірді? Қалайша кедендік  рәсімдеуден өткен? Ішкі Істер бөлімі неге тіркеуге алған? Міне, осы сауалдарға енді ұлттық бюроның тергеушілері жауап іздейтін болады. Сонымен қатар кінәлілерді жеке-жеке анықтауы тиіс", - дейді Жазира Нұрлыбекова, ҚР Бас көлік прокуратурасының бірінші орынбасары. Көлік прокуратурасының талабынан кейін мемлекеттік кіріс комитеті моңғолиялық көліктерді қожайындарына қайтарып берген. Өйткені құзырлы орган мәселенің мән-жайына терең үңілмей асығыс шешім қабылдағаны анықталды. Бірақ автомобильдер иелеріне уақытша  ғана қайтарылып отыр. Себебі жүргізушілердің қолындағы  кедендік декларация жалған боп шығуы әбден мүмкін. Тергеу кезінде  осындай былық әшкереленетін болса,темір тұлпарлардың тұраққа қайта қойылуы ықтимал. Айта кетейік,баж салығы төленбеген 800-ден астам машина Қазақстанға Моңғолиядан Ресей арқылы кіргізілген. Тіпті бірнеше рет  қолдан қолға сатылып  кеткендері де бар.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар