Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Той кортежінің жүгенсіз жүргізушілері жазаланады

Той кортежінің жүгенсіз жүргізушілері жазаланады
ашық дереккөз
Алматыда көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін алып тастап, жол ережесін өрескел бұзғандар жауапқа тартылуда. Алайда, екі көлік иесі жол сақшыларының уысынан сытылып кетіпті.
Әл-Фараби даңғылымен шығысқа бағыт алған көлік керуені салтанатты той кортежі екен. Шетелдік қымбат темір тұлпарлардың ешбірінен мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді. Тіпті, бір көлік арнайы қызмет барысында қолданылатын дабыл құрылғысымен жабдықталған. Тал түсте көше бойында ойран салғандар өзгелерге жол бермей, Талғар тас жолына бұрылыпты. Алайда, полицейлер 4 жүргізушінің әкімшілік айыпқа тартылғанын айтады. Олар мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізіп, машинаның әйнегін  қараңғылап алғандар. Дарақы жүргізушілер 24 мыңнан 48 мың теңге айыппұл төлеп құтылды. Сондай-ақ, осы кортежде көлігін артқа бұрып алып жүріп, рұқсат етілмеген дабыл қондырған тағы екі жүргізуші  іздестіріліп жатыр. Әрине, бұл елімізде той кортежінен шыққан шудың басы да, соңы да емес.Тіпті, 3 жыл бұрын  Астанадағы ең үлкен даңғылда шоу жасаған үйлену тойының кортежі Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасарының ұлына тиесілі болып, баласының кесірінен Бақытжан Балташев амалсыз отставкаға кеткен болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар