Басты жаңалықтар
Қариялардың батасынан аттап кете алмады: Шымкенттіктер әкімдеріне риза болды (фото)
- автор kyn.kz
- 9 тамыз, 2018
- 308
Осыдан бір-екі ай бұрын ғана әкім қызметіне тұрған Исамидин Қантөреев халықпен кезекті бір кездесуінде халықты таңғалдырды
Шымкент қаласы, Қаратау ауданының әкімі Исамидин Қантөреев халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кірісіп кетті. Тіпті ауданға қарасты елдімекендерді аралап жүрген шенеунік елдің батасын да алуды ұмытпаған. Басшының халықпен кезекті кездесуі "Асар" шағынауданының төбе билері және көше басқарушыларымен өтті. Мұнан соң Исамидин Қантөреев "Мәртөбе" тұрғын алабы және "Қайтпас" шағынауданы төбе билерімен кездесіп, елдімекен халқының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерімен танысты. Сондай-ақ әкім халықты алаңдатып отырған мәселелерді тікелей өз бақылауына алатынын және құзыретті мекемелермен тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін уәде етті.