Басты жаңалықтар
Ақтөбелік қыздың жазған хатын II Елизавета жауапсыз қалдырмады (фото)
- автор kyn.kz
- 9 тамыз, 2018
- 419

Ақтөбе қаласының тұрғыны Зарина Ахметжан ІІ Елизаветаға хат жазып, көп ұзамай жауап алғанына таңғалып отыр
Ақтөбелік азаматша Зарина Ахметжан бала кезінен хан-сарайларда тұруды, патша ме патшайымдарды көруді армандайтын. Сол себепті, ІІ Елизавета патшайыммен кездесу ниетімен оған хат жазыпты. Хатта бүй дейді.
"Мен кішкентайымнан ханзадалар мен ханшайымдар туралы көп оқығанмын. Үлкейе келе, ағылшынша оқып, қазіргі күнге дейін патша мен патшайымның бар екенін білдім. Мен сізбен кездесуді қатты қалаймын. Сол үшін сізден бір хабар болар деген үмітпен хат жазып отырмын. Мен сізді қатты құрметтеймін және сізбен күндердің күнінде кездесетініме сенемін. Сіздің Зарина Ахметжаныңыз", - депті.