Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иманы күшті имам: Жойқын жер сілкінісіне қарамастан намазын тоқтатпаған имам көпті тәнті етті (видео)

Иманы күшті имам:  Жойқын жер  сілкінісіне қарамастан намазын тоқтатпаған имам көпті тәнті етті (видео)
ашық дереккөз
 Индонезияның Ломбок аралында қуаты 7 магнитудаға жететін жер сілкінісі болып, салдарынан 100 жуық адам қайтыс болған еді. Алайда, оған қарамастан, мешітте қалып, намазын оқуды жалғастырған имам көпшілікті таңғалдырды
Оқиға 5 тамыз күні Индонезияның Домбок аралында болған.Қуаты 7 магнитудаға жететін жер сілкінісі кезінде, мешітте қалып, намазын оқуын жалғастырған имам мен жамағаттың бейнежазбасы көпшілікті таңғалдырып, желіні біраз шулатқан болатын. Ал оқырмандар болса,  видео астында өзінің таңғалған пікірлерін бірінен соң бірі қалдырып жатты. "Иманы күшті имам жер сілкінісі кезінде де намазын оқи берді",- деп жазды олар.

Желі қолданушыларының басым бөлігі жер "теңселе" бастағанда қаша жөнелген азаматтарды сынға алса, енді бір тобы "ондай жағдайда кімнің қандай әрекетке барары белгісіз" деп жатты.

Сондай-ақ, олар аяқ асты басталған жерасты дүмпуі кезінде қаннен қаперсіз тұрған имамға тәнті болып, амандығын тіледі.

https://youtu.be/OvF5jruCDp4
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар