Әкімнің қатысы бар: Өскеменде 19 жасар баланың өлімі туралы экс-полицей бар шындықты айтты
- автор kyn.kz
- 9 тамыз, 2018
- 273
Қайғылы оқиғадан кейін жұмысынан қуылған Сымбат Қайратов жол-көлік оқиғасын былай деп еске алады.
"Сол түні көлік жүргізген Өскемен әкімі біздің тоқтаңыз деген өтінішімізге құлақ аспады. Ол жол бойында үлкен жылдамдықпен жүрді. Ал, тоқтатып, құжаттарын сұрағанымызда, оның ішімдік ішкенін байқадық. Сосын оқиға орнына Риддер қаласы ІІД басшысының орынбасары подполковник Жаркенов келді. Ол әкімді өз көлігіне әкетіп, олар сол жерде өзара әңгімелісті. Біраз уақыт өткеннен кейін, бізді жұмысқа шақырып, "жол көлік оқиғасы орын алған сәтте көлікте тек Риддер қаласының әкімі Бауыржан Құрманбаев қана болды деп айтасыңдар" деген тапсырма берілді", - дейді бұрынғы тәртіп сақшысы.
Сондай-ақ, экс-полицейден бейнебақылау камерасына түскен видеожазба да тартып алыныпты.Ал, ШҚО ІІД өкілдері болса, оқиға орын алған түні кезекшілікте болған полицейлер тәртіптік заң бұзушылықтар үшін, жұмыстан шығарылды деп салды.
"Қызметтік тексеру жүргізілді. Іс ІІД тәртіптік комиссиясында қаралды. Қызметтік тәртіпті өрескел түрде бұзғандықтары үшін полицейлер жұмыстан шығарылды", - деп қысқа қайырды ведомстводағылар.
Өкініштісі, жол-көлік оқиғасына қатысы бар Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев күні бүгінге дейін өз қызметінде отыр. Ал, өрімдей жас жігітті қағып өлтірген Бауыржан Құрманбаев болса, бар-жоғы бір жылға бас бостандығынан айырылған еді.