Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақаева көпшілікке өзін сараң етіп көрсеткен ақын қызға жауап берді

Бақаева көпшілікке өзін сараң етіп көрсеткен ақын қызға жауап берді
ашық дереккөз
Салтанат Бақаеваға "Әгугай, құрбым" әнін жазып берген Назерке Семей оған бір тиын төлемеді деп, ренішін білдірген еді. Алайда Салтанаттың оған жауабы дайын
Жас әнші өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында ақын Назерке Семейдің айтқан ренішіне жауап берді. «Ата анамның «біреудің ала жібін аттама» деген сөзімен өскен қызбын, еш уақытта біреудің келісімінсіз әнін, не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін,- дейді Салтанат. Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды… Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтындардың бірі – «Әгугәй, құрбым» атты әнімнің сөзін жазған Назерке. Сөзін тегін жазып беруге келісіп,  енді арада 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып, ақша төлемедің деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды… Ақшасын сұраса, мен келісіп не келіспей, әйтеуір, бір мәмілеге келетін едік. Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан, бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып, жазып отырамын», – деп жазды Бақаева Instagram-парақшасында. Әншінің өзі біраз уақыттан кейін Назеркеге хабарласып, тағы бір ән жазып беруін сұрап, қолқа салғанын растады. Алайда ол кезде 50 мың теңге беретін жағдайы болмаған көрінеді. «Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым. Бұл жолы 50 мың теңге деді. Шыны керек, сол сәтте әлі тұрақталмаған, жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын. Мен 20 мың теңгеге келісуін өтіндім. Бірақ келіспеді. Оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң, мен қуанып сол кісінің сөзімен «Әдемі-ай» атты әнімді шығардым», – дейді әнші. Қалай десек те, Салтанат жас ақын мұндай әрекетке қызғаныштан барған болуы мүмкін деп топшылады. «Бұл бәлкім, Назеркенің қызғаныштан туып отырған ойы болар… Өз басым қатты ұялып отырмын…», – деп түйіндеді әнші. Айта кетсек, қыз ұзату тойларында хитке айналған “Әгугәй, құрбым” әнінің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, өз  еңбегі үшін бір тиын да бермегенін айтқан еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар