Президентке берген кезекті есебінде бас прокурор қылмыскерлер саны азайып, түрмеде отырғандардар жылдан-жылға кеміп бара жатқанын айтты
"Былтырғы жылға қарағанда қылмыстың жалпы деңгейі елімізде 10 пайызға төмендеді. Қазіргі уақытта алдыңғы тергеу кезінде бұрынғыға қарағанда адамдар 30 пайызға төмен қамалуда. Биыл, мысалы, 12 мың адамға үкім шығарылды сот бойынша. Соның 4 мыңы ғана бас бостандығынан айырылды",- деді бас прокурор.
Оған қоса, «Гуманизацилау туралы» заңға сай, осы аптаның ішінде тағы 230 адамның жазасы жеңілдетілиек. Яғни, орта, жеңіл қылмыс жасағандар айыппұл төлейді яки қоғамдық жұмыстарға тартылады.
Сондай-ақ, Бас прокуратура еңбек, жер қатынастары, тарифтер мен еңбекпен қамтуға қатысты бірнеше тексеру жүргізіпті. Прокурорлар келіп кеткен соң жеті өңірде электр қутының тарифі төмендеген. Арада делдал фирмалар көп болғандықтан, бизнесмендердің жарық бағасын қолдан өсіргені анықталған. Олардың арасында лауазымды адамдарға тиесілі компаниялар да бар екен.
Тексеруден кейін 1 жарым миллион адамға артық төлеген ақшасы қайтарылған. Қожамжаровтың айтқандарын қолдаған Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорға тағы бірқатар тапсырма берді.
"Бас прокуратураға ең жоғары дәрежеде бақылау шаруасы берілген барлық жағынан. Осы заңның әділетті болуы үшін бірнеше шаралар қарадық. Заңдарды қабылдадық. Соттың жүйесін түзедік, полиция туралы заңдар қабылданды. Енді соның бәрінің нақты орындалуы Бас прокурордың құзырында",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.