Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылықтар аса қауіпті вакцинаның далада шашылып жатқанын көріп дабыл қағуда

Алматылықтар аса қауіпті вакцинаның далада шашылып жатқанын көріп дабыл қағуда
ашық дереккөз
Аусыл ауруына қарсы екпе жол бойында шашылып жүр. Ірі қара түгілі, адам өміріне қауіпті вакцинаның бұл жерде қалай пайда болғаны белгісіз
Ірі қарада болатын аусыл дертіне қарсы егілетін екпені далаға кімнің тастап кеткені әзірге белгісіз. Бірақ тек мал дәрігерлерінде болатын преператтардың далада шашылып жатқанын Қаратал аудандық ветеринария инспекциясының басшылары жылы жауып қоймақшы болған екен. Бұл туралы КТК арнасы жазды. Ауыл тұрғыны Жанат  Тілегеновтың айтуынша, екпе екінің бірінің қолына беріле салмайды. Оны жауапты мамандар құжатпен қатталып, мөрмен бекітілген соң ғана қолдарына алатын көрінеді. Ал, егу жұмыстарымен айналысуға тек мал дәрігерлері құқылы. Алайда Қараталдық ветеринарлар шалғайдағы малшыларға жете алмағандықтан, екпелерді дәл осылай далаға тастай салатын секілді. Аудандық ветеринария инспекциясындағылар аусылға қарсы екпенің жоғалғандығын білсе де, бірақ оған кімнің қатысы бар екендігін анықтай алмай отыр екен. Бірақ, басшылық өз кінәсінің бар екендігін де жоққа шығармайды. Инспекция басшысы Әміржан Аңдаспаев қарамағындағы мал дәрігерлеріне екпенің емін-еркін берілуіне өзін айыптымын деп отыр. Бірақ, алдағы уақытта мұндай қайталанбайды деп ант-су ішті. Мысалы, Айтөбе ауылдық округі кодымен 01 деген. Ветпункт меңгерушілерінің арнайы журналдары бар, әр дәрігер алған дәрісін вакцинаны қанша алды, қолын қойып алады. Қаратал ауданында қазіргі таңда барлығы 70-ке жуық мал дәрігері қызмет етеді. Енді олардың қайсысының діттеген жерге жетпей, екпені лақтыра салғандығын ішкі істер қызметкерлері анықтауы тиіс.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар