Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда гүлзарларға 72 пышақты қадап кеткен адамның кім екені анықталды

Қарағандыда гүлзарларға 72 пышақты қадап кеткен адамның кім екені анықталды
ашық дереккөз
Ол 68 жастағы әжей болып шықты. Облыстық ІІД деректеріне сүйенсек, зейнеткер осылайша аяғындағы дерттен құтылмақ болған

Қарағандылық 68 жастағы әжейге бұзақылық жасады деп айып тағылған еді. Зейнеткерді қоғамдық орындардағы гүлзарларға ас үй пышақтарын тығып, елді қорқытқаны үшін айыптап отыр. Облыстық ІІД мәліметінше, ол осылайша аяқ ауруын емдемек болған. Дерттен құтылудың айрықша тәсілін ол журналдан оқып алған екен.

Зейнеткердің кім екенін анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларының барлық  жазбасын  зертепті. Жазбалардан зейнеткердің пышақтарды алып, гүлзарларға қадап жатқанын анық көруге болады.

«Зейнеткер журналдан аяқты осылай емдеуге болатынын оқып алған. Ол мақсатты түрде гүлзарларға пышақ қадап, оның емдік қасиетіне сенген. Пышақтарды ол әр түрлі дүкендерден сатып алған. Қазір зейнеткерге "Кішігірім бұзақылық" бабы бойынша айып тағылып отыр", - деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар