Басты жаңалықтар
Ақшасын жұмсап "тоналдым" деп арыз берді: Семейлік қыз құзырлы орган өкілдерін алдағаны белгілі болды
- автор kyn.kz
- 10 тамыз, 2018
- 197
21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде жалған арыз түсірген.
Бойжеткеннің сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты.
Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Алайда кейін бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықталды.
Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойған екен.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қылмыстық кодекстің 419 бабы 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.