Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетаулық Хатико: Ит қайтыс болған иесін аурухана алдында екі аптадан бері күтіп жүр (фото)

Көкшетаулық Хатико:  Ит қайтыс болған иесін аурухана алдында екі аптадан бері күтіп жүр (фото)
ашық дереккөз
Ақмола облысы Степногор қаласында үй жануары көз жұмған иесін күтіп жүр. Иттің адалдығына тәнті болған халық оны жапон халқының әйгілі Хатикосына теңеді

Анықталғандай, екі апта бүрын халі нашар науқас Степногор қаласының ауруханасына жеткізілген екен. Қолдан келгеннің бәрін жасаған ақ халаттылар, өкінішке орай, ер адамныің өмірін сақтап қала алмады. Азамат сол күйі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Ал иесін әкеткен жедел жәрдем көлігіне ілесіп, ауруханаға дейін келген төртаяқты содан бері сол жерде.

"Ит ешкімге үрмейді, тиіспейді. Кіріп шыққан адамдардың түріне мұқият қарап қояды. Адамдардан бес метр алшақ жүреді", – дейді Степногор орталық қалалық ауруханасының дәрігері Тимур Әлібаев.

 width=

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша,  иесінің ішке кіргенін көрген үй жануары оның шығатынын да тағатсыздана күтіп жүр. Ал әзірге оны аурухана маңынан алып кетудің тек бір ғана амалы бар,- дейді "Тазы-төбет-бөрібасар" федерациясының төрағасы Оралбек Қайсанов. .

"Жақсы көретін адамды ит сезіп тұрады. Сондай бір адам барып, қарғыбауын тағып, тамақ беріп ана жерден алып кетсе, ол үйренеді".

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар