Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қосымша күш жіберу керек: Қордайда тапа-тал түсте үй ұрлайтындар әлі бостандықта жүр

Қосымша күш жіберу керек: Қордайда тапа-тал түсте үй ұрлайтындар әлі бостандықта жүр
ашық дереккөз
Жамбыл облысы Қордай ауданында үйді үптеп кететіндер әлі қолға түспей отыр. Сондықтан орталықтан қосымша күш құрылымдары жіберілмек

Жергілікті құзырлы орган қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қарақшылар үш адамнан көп емес. Бірақ оларды қолға ұстау әлі жүзеге асыра алмай тұр. Ауданда жарты айда он шақты үй тоналған. Олардың әрекетінен халық үрейленіп жүр. Өңірге барған облыс прокуроры мен ІІД бастығы жұртты сабырға келуді шақырған.

"Қордай ауылына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІД-нен қосымша 70 қызметкер, оның ішінде атты полицейлер, сондай-ақ, 15 автокөлік және 10 қызметтік іздестіру иті жолданылды. Олар күндіз-түні патрульдік жасаққа шығып күзетуде. Сондай-ақ, облыстағы ең тәжірибелі полиция қызметкерлерінен осы істі ашуда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қарақшылар  зейнеткердің үйін үптеп кеткен. Үй иесін соққыға жыққан. Владимир Бойко ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Ауыр жарақат  салдарынан  68 жастағы ата екі аптадан кейін қайтыс болды.

Осы жағдайдан соң жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының жұмысын сынға алып, оларға  жаппай наразылықтарын білдірген еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар