Басты жаңалықтар
Емдетіп шығындағанша басқа әйелді ал: Жазира дәрігердің күйеуіне не айтқанын ашық айтты
- автор kyn.kz
- 10 тамыз, 2018
- 1.2k
Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа дәрігердің басқа әйелге үйленуді ұсынғаны туралы жайып салды
Жазираның айтуынша, сол кезде ол сырқаттанып жүрген көрінеді.
«Жанболат бүгін Қазбекке: «Балам, мен басқа әйел алмайтын болдым, алғым келмей қалды», – дейді. Бірде ауырып, бір жасы үлкен дәрігерге барғанымда, дәрігер Жәкеңе қарап: «Жанболат, сен одан да басқа әйел ала сал, мына Жазираңды емдетіп шығынданғанша…», – деп қалжыңдап, жылап отырған жерімнен күлдіріп жіберген еді. Сол қалжыңның жалғасы екен ғой. Сәл ауырып, қайта жазылып шықсам, осылай қалжыңдайтын болыпты», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
Келесі мақала