Басты жаңалықтар
Қазақ қызы "Әлем сұлуы-2018" байқауында көш бастады
- автор kyn.kz
- 10 тамыз, 2018
- 358
Асталық 24 жастағы Айгерім Момынжанова халықаралық сұлулық байқауының 1/8 бөлігіне өтті
Елордалық ару ірі қазақстандық банкте менеджер болып жұмыс істейді екен. Халықаралық байқауға қатысушы қыздың жетістіктері де аз емес. Өткен жылы бойжеткен "Кеңсе аруы - 2017" байқауының жартылай финалисі атанған. Одан бөлек "Әлемдегі ең сұлу күлкі иесі - 2017" халықаралық байқауының финалына өткен.
Финалдың кезекті бөліміне Ресейдің, Белоруссияның, Латвияның, Өзбекстанның алты аруы өтті. Өткендер арасында Айгерім де бар.
Финалдың кезекті келесі бөліміне тек бес ару өтетін болады. 10 тамыз күнгі дауыс беру нәтижелері бойынша қазақстандық ару бірінші орынды иеленуде - барлық дауыс санының 20,48 пайызы. Екінші орында Белоруссия аруы Екатерина Дубровская (18,07%), үшінші орында Өзбекстан тумасы Диана Шелкова (16,87%).
Жыл сайынғы байқауға тек 18 жастағы тұрмыс құрмаған арулар қатыса алады.