Басты жаңалықтар
Абайдың ұлының денесі Шымкенттегі қорғасын зауытының астында жатыр
- автор kyn.kz
- 10 тамыз, 2018
- 3.0k

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ұлы Турағұл Құнанбаевтың сүйегі Шымкенттегі қорғасын зауытының астында табылды.
"Тұраш ағам 1934 жылы 6 наурыз күні, 59 жасында қайтыс болды. Шымкент қаласының орталығындағы мұсылман зиратына жерленді. Кейін сол зираттың үстінен химзауыт салыныпты.
Зауыт салынар алдында Тұраш ағаның сүйегін алатын жанашыр жақыны болмай, зауыт астында қалды. Ол кезде біз Шымкенттен ауысып, басқа жаққа кеткен болатынбыз", - деп жазады Турағұлдың зираты жайында қызы Мәкен.


"Сол Тұрағұлдың жалғызы Гүлбаданның туған қызы Айгүл Мүштарқызы Шымкент қаласында тұрады", - дейді Түркістан облыстық саяси қуғын сүргін құрбандары мұражайы директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

Турағұл Абай Құнанбаевтың мұрасын жинап-бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының түпнұсқаны қалпына келтіруде үлесі зор болды.