Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да бір-бірін құтқармақ болған отбасы мүшелерінің бәрі суға батып кетті

ШҚО-да бір-бірін құтқармақ болған отбасы мүшелерінің бәрі суға батып кетті
ашық дереккөз
Құтқарушылар Қара Ертіс өзеніне екі баласымен бірге батып кеткен имамның мәйітін тапты
Қайғылы оқиға 29 шілде күні  болды. Жергілікті имам болған ер адам 8 жасар ұлын құтқаруға тырысқан. Әкесінің күші жетпей жатқанын көрген 19 жастағы үлкен ұлы көмекке келді. Бірақ, өкінішке орай, ұшеуін де су ағызып әкеткен.
Суға батып кеткендерді іздеу сол мезетте басталды. Баланың мәйіті 1 тамызда судан шығарылды. "Кеше полиция қызметкерлері мен 60 жергілікті тұрғын өзенде іздеу жұмыстарын жіүргізді. Олар 1982 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. 1999 жылғы жігіттің мәйітін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", — деді жергілікті ТЖД баспасөз қызметі . Анықталғандай, іздеу жұмыстарын қатты ағыс пен судың лайлануы қиындатып отыр.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар