Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құлдықта болған 16 жастағы жігіт көрген қорлықтары туралы бар шындықты айтты

Құлдықта болған 16 жастағы жігіт көрген қорлықтары туралы бар шындықты айтты
ашық дереккөз
Павлодарлық 16 жастағы бала үйінен шығып, жоғалып кеткен. Біраз уақыттан кейін табылған азамат өзінің Алматыда құлдықта болғанын айтып, жақындарын шошытты

"Оқиға 4 маусым күні, балам үйден шықаннан кейін басталды", - дейді анасы. Айтуынша, ұлын қатты уайымдаған ол, бірден құзырлы орган өкілдеріне хабарын беріпті.

Бір жарым ай бойы ес-түссіз жоғалып кеткен ер азаматты іздеу үшін барлық күштер жұмылдырылған екен. .

Кенеттен әйел адамға Арсен есімді жігіт хабарласып, оның ибаласының қайда екенін білетінін айтқан. Бейтаныс адамның айтуынша, 16 жастағы жігіт құлдықта болды.

Ал Арсен оған қашып кетуге көмектесіп, жоғалып кеткен баланы өз үйінде паналатқан. Оған қоса, бейтаныс жігіт әйел адамның баласын үйіне жөнелтіп жібергенін де хабарлаған.

"Балам түн жарымда үйге келді. Қатты сырқаттанып қалғаны көрініп тұрды", - деп айтты ана.

Павлодар тұрғынының айтуынша, үйге оралған баласы анасына басынан өткен сұмдық жағдайды айтып берген. Ер баланың сөзінше, оны қылмыстық әлемнің беделділері алып кетіп,ұрлықпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Оны соғып, тепкілеп тіпті тырдай жалаңаш күйінде видоға түсіріп бопсалаған. Балаға қорлық көрсеткен. Оны ұрлық жасауға мәжбүрлеген. Ол келіспегендліктен тағы да аяусыз соққыға жыққан. Нәтижесінде оның оң құлағы естімей, асқазан жарақатынан тамақты да дұрыс іше алмайды", - деп айтты анасы.

Оған қоса, 16 жастағы ер бала қасында тағы бір жігіттің жасөспірімнің болғанын айтты. Оны да аяусыз соғып, бірнеше күннен кейін алып кеткен. Павлодар тұрғыны ол баланың дене жарақатынан көз жұмса керек деп болжады.

ІІМ оқиғаға байланысты тексеріс тағайындалғанын айтты.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар