Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Александр Винокуров есірткіге байланысы бар қылмыстық істе күдікті болып шықты

Александр Винокуров есірткіге байланысы бар қылмыстық істе күдікті болып шықты
ашық дереккөз
Сотүстік Қазақстанда тәртіп сақшылары есірткіні сақтауға қатысты жалған құжаттарды, оның ішінде марқұмдар мен ойдан құрастырылған адамдарды келтіріп пайдаланған. Оған қоса, тізімде велошабандоз Александр Винокуров та бар екен

Бұл мәліметті облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында арнайы жиналыс өтті. Онда жарты жылда болған жұмыстарды  қорытындылау шаралары өтті.

"Прокурорлар есірткіге қатысты 35 жалған істі анықтады. Мамандандырылған прокурор наркобизнеспен күрес органының қызметкеріне қатысты 13 қылмыстық іс тексеріліп жатыр.

Бұл істерде ол жалған дәлелдерді жинақтап, күдіктілер ретінде марқұмдар мен ойдан құрастырып алған адамдарды келтірген. Тіпті кейбір істерде Александр Винокуровтың да аты-жөні шыққан", - деп айтты прокуратура өкілі.

Тексеріс нәтижесінде есірткіге қарсы күрес басқармасының басшылығы мен түгел жеке құрамы жұмыстан босатылған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар