Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көліктен ер адамның мәйіті табылды: Елордалық оқиға желіні шошытты

Көліктен ер адамның мәйіті табылды: Елордалық оқиға желіні шошытты
ашық дереккөз
Астанада көліктің жүк салғышынан ер адамның денесі табылды.
Елордалық полицейлер хабарлағандай, жұма күні Ақжол көшесінде машинаның жүк салғышынан ер адамның мәйіті табылыпты. Куәгерлердің айтуынша, көлік автотұрақта 3 күндей тұрған. Кейін автоның жүк салғышынан жағымсыз иіс шыға бастағанда, бірден құзырлы орган өкілдеріне хабарласқан. Олар жедел жетіп, есігін бұзып ашқанда, қайтыс болған  азаматтың денесін тапқан. Анықталғандай, марқұмның жасы небәрі 29-да болған. Ішкі істер департаментінің айтуынша, ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. https://www.instagram.com/p/BmVTKf6jzfd/?utm_source=ig_web_copy_link Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу аясында жедел шаралар атқарылып жатыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар