Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлымнан қалыс қалмайын: Қайрат Нұртастың анасы тойда ән айтып көпшілікті тәнті етті (видео)

Ұлымнан қалыс қалмайын: Қайрат Нұртастың анасы тойда ән айтып көпшілікті тәнті етті (видео)
ашық дереккөз
Танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тойда ән орындап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді

"Мұны түсіну үшін алдыңғы салған постымды оқуларыңыз керек-ау. Ардақ құрбым, ұлын үйлендіремін деген күннен бастап, Нүрекең екеуің "Зуби-Зуби" әнін айтып беріңдерші, тілегімді елеусіз қалдырмаңдаршы деп жүрген.

Нүрекең Астанада қонаққа шақырылып келе алмағандықтан ол ән айтылмайтын болып, Ардақтың өтініші орындалмайтын болды. Тосын сый жасайын деп, дауысым жақсы болмаса да, құнды сөздермен жазған әнімді жалғыз орындап беруіме тура келді.

Бәрі "әнші болып кеткен ба, немерелерін бағып үйде отырмайды ма, ақша не істетпейді" деген сияқты сөздерден көңілім құлазыса да, нағыз оқырмандарыммен бөлісейін дегенім ғой", - деп жазды продюсер инстаграм парақшасына.

Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің дауысына тәнті болып, "Күшті өлең, дауысыңыз болмаса да шын жүректен жеткізудің өзі ерлік, аман болыңыз", "Өзіңізге жарасып-ақ тұр", "Керемет шыққан, құлаққа жағымды естіледі", "Дауысыңыз керемет қой" деп ақ тілектерін жаудырды.

https://www.instagram.com/p/BmT0yYNl7KB/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/BmTjEeGFG4G/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар