Басты жаңалықтар
Кішкентай баладан жеңіліп қалды: Олимпиада жүлдегері Ермахан Ыбырайымов жекпе-жектен жеңіліске ұшырады(видео)
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2018
- 275
Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының «Алтын» жүлдегері Ермахан Ыбырайымов кішкентай баламен жұдырықтасып, одан жеңіліп қалды,
Боксшы ауыр дертке шалдыққан баланың көңілін аулау үшін онымен шаршы алаңға шыққан. Жекпе-жек барысында Ыбырайымов баладан «жеңіліп» қалды.
«Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен Ерасыл Батырдың арасында өткен жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жеткен – Ерасыл», – дейді Төреші видеода.
https://www.instagram.com/p/BmS10w6FP4U/?utm_source=ig_web_copy_link
Ал бұл бейнежазбаны әлеуметтік желідегі парақшасына салған әнші Сәкен Майғазиев Олимпиада чемпионының адамгершілігіне тәнті болды.
«Данамен дана, баламен бала бола білетін Ермаxан мырзаға , Нұрлан қажы ұстазымызға («бас төреші») Алла разы болсын! Алла Тағала Ерасылға шипа берсін, сәбилер ауырмасын, аналар жыламасын», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары болса, Ыбырайымовтың әрекетіне сүйсінді.
«Дананың даналығын көрмейсіздер ме, тізерлеп отырып кішкене балаға шабыт сыйлап жатыр», «»Ұлық болсаң – кішік бол дейді. Ермахан – адамгершілігі мол, жүрегі кең жігіт қой. Еңбегің жана берсін, алғысқа бөленіп жүруіңе әрқашан тілектеспіз», «Ермахандай қазақтың ақкөңіл жігіттерінен айналдым», – деп Ерасылдың дертінен сауығып кетуін тілеп жатты.