Басты жаңалықтар
Той қашан енді?: Актер Нұрлан Әлімжанға жазба арнаған Айгүл Иманбаева жұртты қызықтырып қойды
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2018
- 740
Тұрмысқа шығуға дайын екенін айтып, қуанышты жаңалығымен бөліскен Айгүл Иманбаеваның өнердегі әріптесі Нұрлан Әлімжанға арнаған жазбасы жұртты қызу талқыға салды
Айгүл Иманбаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында әріптесі Нұрлан Әлімжанға сезімге толы жыр жолдарын арнаған.
«Бейнеңді іздеп мен сенің
Өмірді оймен өлшедім,
Өзіңмен өткен күндерге
Жанымның бердім бөлшегін
Арайлы күндей көріктім
Ағарған таңда көріппін,
Есімнен қалай тандырып
Елес боп қайдан жолықтың?!
Сүйегің қандай текті еді
Көздерің қандай отты еді,
Жаныма шуақ құйылып
Жұтқандай болдым оттегі.
Сәуірде келген сәулелім
Сәулеңді таппай әуремін
Ғайып боп кеткен бір сәтте
Дәуірге татыр дәуренім!
Жыр ойнаған сөздерде
Нұр ойнаған көздерде
Аймен бірге айналған
Аяулы бір кездерде
Өмірдің зулап өтерін
Албырт көңіл сезген бе,
Мен өзгеріп кетсем де
Сен ешқашан өзгерме!»
Өз кезегінде Айгүлдің сезімге толы жазбасы жұрттың түрлі сауалдарды жолдауына себепкер болды. Пікір қалдырушылардың дені екеуінің арасында махаббат бар деп топшылап, екі жасқа бақыт тіледі.
«Түсінбей қалдым, екеуінің арасында махаббат бар ма? Әлде пиар ма?», «Не деген сезім. Басынан өткендер ғана түсінеді», «Той қашан енді?», «Кім кімге ғашық?», «Үйленіп алыңыздаршы», «Театрда Қыз Жібек пен Төлегенді ойнап едіңіздер. Өмірде де бақытты болыңыздар», “Екеуі ғашық сияқты”, – дейді желі қолданушылары.
https://www.instagram.com/p/BmV0KIhARof/?utm_source=ig_web_copy_link