Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тосқауыл қоямыз: Елімізде әншілердің орындауындағы әндері мен сахнадағы жүріс-тұрыстары қадағаланатын болады

Тосқауыл қоямыз: Елімізде әншілердің орындауындағы әндері мен сахнадағы жүріс-тұрыстары қадағаланатын болады
ашық дереккөз
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі хайп қуамыз деп мән-мағынасыз әндерге жол беретін әншілерді енді бақылайтын болады
Мәдениет және спорт министрінің заң қызметі департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызының айтуынша, мұндай заң қабылдау бұрын да қолға алыну керек еді. Себебі бұл заң аталған саланы жүйелеп, көрермендерге биік тұрғыдағы концерттердің ұсынылуына жол ашады. Сондай-ақ, мүндай заңның қолға алынуына әншілердің сахнадағы ерсі әрекеттері себеп болыпты. «Министрлікке шағым түсіп жатыр. Мінез құлқына қатысты, фонограмманы қолдануына қатысты, көркемдік деңгейіне қатысты. Осы мәселелерді шешу мақсатында бүгінгі күні мәдениет заңына байланысты өзгерістер енгізуді көздеп отырмыз», – дейді Күміс Қарсақбайқызы. Мәдениет және спорт министрлігі жоспарлап отырғандай, бұл заң келесі жылы қолға алынбақ. Сондай-ақ оның басты мақсаты - әншілердің деңгейі мен әндерінің сапасын көтеру. Ұлыбритания, Малайзия, Үндістан тәрізді мемлекеттерде бұған дейін осындай заң қабылданып, нәтижесін көрсеткен. Ендігі Қазақстан да осы мемлекеттердің тәжірибесін байқап көрмек. Десе де әншілер бұған өз қарсылығын білдірді. Мәселен Меруерт Түсіпбаева министрліктің жаңа заң жобасын қолдамай отыр. “Жалаңаш немесе сырға тағып шықса, жігіттердің кесірінен ешкім өліп қалмады. Көрермен талып қалды деп, не марқұм болып қалды деп естіген жоқпын”, – дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Меруерттің айтуынша, аталған заң қабылданса да, фонограмманы түбегейлі жою мүмкін емес. Себебі әншілердің жанды дауыста өтеді делінетін жеке кештерінің 60 пайызы фонограмманың көмегімен өтетін көрінеді. Оған Меруерттің өзі де куә болған. «Бір әнші бар атын атамай-ақ қояйын. Республика Сарайында Астанада, Алматыда жылына 3-4 рет концерт береді. Сол концерттерінде лық толы зал. Мен ойлаймын, көрермен сезбейді емес, сезеді. Қазір біздің көрерменнің талғамы бар. Құлағы естиді, мүкістігі жоқ. Фонограммамен айтты ма, айтпады ма бәрі-бір. Оны халық жақсы көреді. Оның концертіне барады. Сұраныс бар», – дейді әнші. Дегенмен артық-кем тұстары көп бұл заң жобасы келесі жылы қолға алынбақ. Нәтижесін уақыт көрсетер.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар