Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналисттің ісі тағы кейінге шегерілді

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналисттің ісі тағы кейінге шегерілді
ашық дереккөз
Ақтөбелік журналисттің өліміне қатысты іске нүкте әлі қойылмады. Сот отырысы кейінге қалдырылды

Осыған дейінгі сот отырысында айыпталушының жүрек ауруына шалдыққанын ескерген құзырлы орган қызметкерлері уақытты кейінге қалдырылған еді.

"Қорғауымдағы азаматтың жүрегіне күрделі ота жасалды. Бүгінгі уақытта ол тек жансақтау бөліміне енді шығарылды",- деген қорғаушы айыпталушыға ота жасалғандығы жөніндегі құжаттарды судьяға табыстады.

Соған қатысты судья сот отырысының алғашқы тыңдалымын 5 қыркүйекке қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті «Ақтөбе» арнасында балалар бағдарламасы мен таңғы бағдарламаны жүргізген Айзат Әбдісамат осы жылдың сәуір айында қайтыс болған еді. Ол қызымен бірге жеделсатымен төмен түскен кезде, лифт үзіліп қалған.  Абырой болғанда қызы дін аман қалса да, бірақ өзі жедел жәрдем келмей тұрып көз жұмған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар