Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәбилі болғым келеді: Ләйлә Сұлтанқызы келесі жылға жоспарымен бөлісті

Сәбилі болғым келеді: Ләйлә Сұлтанқызы келесі жылға жоспарымен бөлісті
ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан асқан шағында дүниеге тағы бір сәби әкеліп, ана атанғысы келетінін айтты
Тележүргізуші 40 жастан асқан курстастарының бірі 18 жылдан кейін сәбилі болғанын  жазған. «Жалпы 40-тан кейін босану қауіпті, не болмаса қиын, тым жауапты дегендерге екі құрбым «пішту» деді. Курстасым Юлия 18 жылдан кейін Ален батырды дүниеге әкеліп, ана бақытын сезінуде. Неткен бақыт», – деп жазды Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/BmYarBcAyF0/?utm_source=ig_web_copy_link Бұған дейін өз сөзінде қызды болуды армандайтынын айтқан Ләйлә денсаулығым “аттай” деп, әлі де перзент сүюге дайын екенін жеткізгенеді. Ендігі ол келесі жылы нәресте сүйгісі келетінін жасырмады. «Ал, қыздар, бәріміз «пішту» дейтіндер қатарына қосылайық, мен Құдай қаласа, келесі жылы деп отырмын», – деп сырын айтып қойды тележүргізуші. Айта кетсек, 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар