Басты жаңалықтар
Ғалымдар ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
- автор kyn.kz
- 14 тамыз, 2018
- 528
Ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстары аясында ыстық шайдың күтпеген пайдасын ашты
Ғалымдардың зерттеу жұмыстары нәтижесінде, шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын анықтады.
Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себептерінің бірі, әрі бірегейі, Ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.
Айтып кету керек, зерттеу қорытындысында ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Бірақ өте ыстық шай жөнінде емес, өйткені тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ ғалымдар халық арасында сараптама жүрзізген еді. Белгілі болғандай, 1600 азаматтың тек бес пайызында ғана глаукома бар екен. Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды.
Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты. Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.
Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024