Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарақатты өзіне қарата алмаған жігіт асылып өлмекші болды

Қарақатты өзіне қарата алмаған жігіт  асылып өлмекші болды
ашық дереккөз
Танымал журналист Құралай Сейсенбекқызы әнші әрі тележүргізуші Қарақат Әбілдинанға сырттай ғашық болып, өлмекші болған ауыл жігіті жайлы қызықты оқиғаны айтып берді.
Журналистің сөзінеше ауыл жігіті әнші Қарақатты өзіне қарата алмағаны үшін "Өлемін" деп туыстарын әуреге салыпты. "Елордаға жол тарттық. Ел құлағы елу -біз әлі вокзалға жетпестен жұрт смс қалдырып жатты. Әсіресе, Қарақат ханым жайлы хаттар легі толастамады. "Қарақат қандай екен? " болды жұрттың алғашқы сұрағы. Бас аяғы жарты сағаттың ішінде адамды, оның ішінде әйелді тану мүмкін бе? Мен емес, Қыдырәлі мырзаның өзі қылықты қыздан- аяулы анаға айналған жан жарын танып бітпегеніне, тіпті біте де алмайтынына осы сапар барысында куә болдым. Бұрын ауылдық бір жігіттің мас болып еңкілдей жылап "мені ешкім түсінбейді. Мен Қарақатты сүйем. Ол маған қарамайды. Өлем!" деп жіпке жүгіріп, еңкілдей жылағанын естуім бар еді. Расында шиеттей бала шағасы бар әйел-Қарақат емес, гүл қауызына тұнған таңғы шықтай мөлдір көздің иесі- бәйшешектің жаңа ашылған бүршігіндей ғана балаң һәм балғын бейнелі балауса қызды көргендей сезіндім. Үнінен бейкүнә бойжеткеннің бұлақ үніне үзіліп түскен моншағының сыңғыры сыр айтып тұрғандай. Ол атауы алты алаштың ертеңі мен бүгінін жалғаған "Ана мен бала" хабарымен үндескен Қарақаттың үні еді! Сол сәт кеудемде бір әуен "Қыдырәлі, сенде арман жоқ" деп үздіксіз әуелей жөнелді. Расында, "Ана мен бала" хабары жүргізушісін тапқанына разы пейілмен елге оралдым. Армансыз әйелдің жұмағын алақанында аялай ұстап, гүл өңдес көркі, күн тектес көңілімен айналасына шуағын шаша білген Қарақат - әдемі әйелдің, асыл ананың әуезді символындай екен. Жібектей болмысы бәзбіреуді бордай егілтуге, елжіретуге қауқары жетеді...",-деп жазды журналист өзінің жеке парақшасына.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар