Басты жаңалықтар
Жорабаева: Тұрмыста кезімде отбасылық мәселемді айтып ата-анамды жылатып алдым
- автор kyn.kz
- 14 тамыз, 2018
- 376
Отандық әнші бала кезінде ата-анасының берген тәрбиесімен мақтанатынын жасырмайды. Алтынайдың айтуынша, үйдегі кез-келген шаруаны оған жасатқан
Балалық шағын бір сәт есіне алған Алтынай Жорабаева үйдегі шаруадан ешқашан басын тартпағанын айтады. Сөзінше, ол үйдің жұмысын қыздың не ұлдың деп бөлмеген. "Қой бауыздаудан басқасының бәрін жасаған шығармын"-, деп күліп есіңе алады.
«Қозы-лақты бағып, табиғатпен таласып өстік. Отбасымызда мынау ердің, әйелдің жұмысы деп бөлінген жоқ. Талғат (ред. Інісі Талғат Жорабаев) барып сиыр сауа салады. Ағаларымыз қойдың қиын шығару керек болса, оны біз жасай береміз. Қайшыны алып, қойдың жүнін қырқа беретінмін. Тек қана қой бауыздамаймын, қалғанының бәрін жасаймын. Көкпарға қатыспасақ та, бір кісідей атпен шаптық.
Ағамыз менен кейінгі сіңлім екеуімізді жақсылап жұмсайды. Үлкендері оған тапсырса, ол бізге тапсырады. Қорыққанымыздан жасаймыз ғой. Одан жаман болған жоқпыз», – дейді Алтынай.
Өз сөзінде Алтынай Жорабаева берген тәрбиесі мен шаруаның қыр-сырынан қанық қылып өсіргені үшін ата-анасына алғыс білдіремін деп, жылатып алғанын айтты.
«Кейінде тұрмысқа шығып, балалы болғаннан кейін ата-анама түннің бір уағында қоңырау шалып, жылатып алғанмын. «Өмірімде өзіме тиесілі білмеймін ддеген шаруам жоқ екен. Бәрін үйреткен екенсіздер. Сіздерге рақмет!» – дегенде анам қатты жылап қалған», – деп еске алды Жорабаева.
Келесі мақала
Нұрсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы ойдағыдай өтті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024